Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды

05.10.2017 01:54

Ақмола облысында жұрттың жағасын ұстатқан жол апаты болды. Қақтығыс "Алматы-Екатеринбург" тас жолында тіркелген. Анықталғаны - митсубиси көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ваз маркілі машинасына барып жаншылған. Салдарынан 7 адам оқиға орнында қаза тапты. Оның екеуі – өрімдей балалар. Тағы бір жолаушы дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліпті. Қазір полицейлер апатқа айыпты жүргізушіні уақытша тергеу изоляторына қамаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Апатқа кінәлі жүргізушіге қатысты қылмыстық кодекстің "Жол ережесін өрескел бұзу" бабымен іс қозғалды. «Митсубиси» автокөлігін тізгіндеген адам қамауға алынды. Ол Ақмола облысы, Астрахань ауданының тұрғыны. Әзірге тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеріс жүріп жатыр», - деді Ақмола облысы ІІД баспасөз орталығының қызметкері Әсем ӘБДІРАХМАНОВА.