|
09.01.2018 | 17:42
1467

Ақмола облысында киікті қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында киікті қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында киікті қорлағандарға полиция қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары «Заңсыз аңшылық» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, жануарды зорықтырғандарды іздестіріп жатыр. Күдіктілер қолға түссе, жабайы қылығы үшін жарты миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін. Видеодағы дауыстан оқиғаның 1-ші желтоқсанда болғанын аңғаруға болады. Айта кетсек, қорғалжын қорығының аумағында бір топ адам ақбөкендерді көлікпен қуып, әбден шаршатқан болатын. Әлі құрыған киік қолға түскенде, оны кезекпен қорлаған.

Кішкене баладан бастап, үлкендер де жануарға мініп суретке түскен. Одан қалды, ақбөкенді аямастан мүйізінен көтерген. Тек қасиетті киік әлсірегенде ғана жіберген. Мамандар мұндай қорлықтан ақбөкен өліп қалуы мүмкін деген болжам жасаған еді. Қызық қуғандар бұл қылықтарын видеоға түсіріп, ғаламторға жариялаған болатын. Желі қолданушылары киікті қорлап, желіккен жігіттерді жазалауды талап етіп жатыр. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир