Ақтауда вандалдар қауіпсіз материалдан дайындалған және қайта өңдеуге жататын, неміс өндірісі саналатын 41 қоқыс жәшігін бүлдірген, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі inaktau.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл жөнінде «Қала жолдары» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Әйгерім Ходжаева мәлімдеді.
Өткен жылдың сәуір айынан бері Ақтау бойынша 480 экологиялық таза, қызғылт сары түсті қоқыс жәшіктері орналастырылған. Оның елуге жуығын вандалдар сындырып кеткен.
Бұған дейін жаңа туристік нысан болып табылатын «Таулы жолда» тағы 20 қызғылт сары қоқыс жәшіктері қойылды.