Ақтөбе мен Мақат арасын жалғайтын тас жолдың құрылысы басталмақ

Ақтөбе мен Мақат арасын жалғайтын тас жолдың құрылысы басталмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде Ақтөбе мен Мақат арасын жалғайтын тас жолдың құрылысы басталмақ. Маңызы бар жобаны Азия және Ислам даму банктері қаржыландырады. Олар 240 миллион доллар бөлуге дайын. Бұл туралы тараптардың келісімін заңдастыруға бағытталған мәжіліс отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, әлгі қаражатты біздің Үкімет аз пайыздық мөлшерлемемен 18 жылға қарызға алып отыр. Құрылыс қос аумақта қатар жүреді. Тас жолдың ұзандығы  455 шақырымға жуықтайды.              

«Ислам және Азия даму банктері бөлген ақша барлық аумаққа жол төсеуге жетпейді. Сондықтан біз оны 2 учаскіге бөлдік. Біріншісін Азия, екіншісін Ислам даму банкі қаржыландырады», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.

Бұдан бөлек, осы жиында мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен полицейлерге ала таяқты қайтару мәселесін сөз етті. Оның айтуынша, жол сақшыларының қозғалысты қолмен реттеуі - халықтың қытығына тиген. Оның үстіне, жезлдің жоқтығынан көлік ағынын бұрынғыдай бақылау мүмкін емес. Сол себепті, ол Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады.

«Қазақстандық полицейлердің беделін арттырудың орнына, осы тыйыммен біз оларды күлкілі жағдайда қалдырдық. Біздің ойымызша, жезлдерді алып тастау, жол қозғалысын реттеуде тиімділік әкелмейді», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақтияр МӘКЕН.


Новости партнеров