Ақтөбеде содырлардың сойқан салғанына тура бір жыл толды

Ақтөбеде содырлардың сойқан салғанына тура бір жыл толды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде содырлардың сойқан салғанына тура бір жыл толды. 25 ланкес қару -жарақ дүкендерін тонап, әскери бөлімшелерге шабуыл жасаған еді. Кесірінен 7 адам ажал құшты. Оның 3-еуі әскери қызметкерлер. 18 қылмыскердің көзі жойылып, 9-ы құрықталған болатын. Террорлық әрекетке орай, елімізде осы жылдың 15 қаңтарына дейін қауіптің сары деңгейі жарияланған болатын. Қанды қақтығыста ұйымдасқан қылмыстық топтың, сәләфит ағымы жетегінде жүргені айқындалды. 29 адам сот алдында жауап беріп, 9 -ы бірқатар заңбұзушылықтар мен тікелей қақтығыста қатысқандары үшін айыпталған болатын. 18 азамат қылмыстық әрекетті біле тұра ақпар бермегені үшін, 2 адам ланкестік әрекетті бұғып қалғаны үшін жауапқа тартылған. Сонымен қатар, 48 адам куәгер ретінде, 88 адам зардап шегуші ретінде сотқа қатысқан. Ал, террорлық әрекетті ұйымдастырған 7 қылмыскер жазасын өмір бақи темір торда өткізбек. Бүгін Ақтөбеде қанды қақтығыста көз жұмған азаматтарды еске алу шарасы өтетін болады.


Новости партнеров