Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған жүргізушілер қамауға алынды

26.01.2018 14:49

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған жүргізушілер ауруханадан соң бірден тергеу изоляторына қамалды. Жүргізушілерге  өрт қауіпсіздігін сақтамаған, көлік құралдарын дұрыс пайдаланбаған, жылыту шамын қолданған деген кінәраттар тағылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 18-қаңтар күні Ақтөбе облысында автобус өртеніп, 52 өзбек азаматы жанып кеткен еді. Апаттан тірі қалған тағы екі өзбекстандық азамат әлі ауруханада. Қылмыстық істің заңдылығын Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының процессуалды прокурорлары бақылайды.