Алматыда «Мектепке жол» атты науқан өтуде. Шарада әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына мектепке қажетті құрал жабдықтар табысталды. Бостандық ауданының мыңнан аса оқушыларына бюджеттен көмек көрсетілсе, бүгінгі науқан сол әлеуметтік көмекке құжат тапсырып үлгермеген 650 жанұяға арнайы ұйымдастырылған. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Науқан қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ.
«Балаларымыздың барлығын мектеппен қамту үшін. 1-ші сынып болсын, 2-ші сынып болсын. 1 қыркүйек - білім күні біздің балаларымыздың жақсы көңіл-күймен мектепке бәрі барсын деген ниет. Оның үстіне үйде отырған балалар болмасын. Бәрі біліммен қамтылсын деген ниетте жасалып жатқан акция», - деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан БАЛБАЕВА.