Алматыда республикалық ақындар айтысы өтті

Алматыда республикалық ақындар айтысы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алатауым – алтын ұям». Осындай атаумен Қала күніне және Алатау ауданының 10 жылдығына орай дүбірлі айтыс өтті.

Жыр жәрмеңкесіне 20 ақын қатысты. Ең үздік 12-і ғана финалға өтіп, 6 жұп болып айтысты. Бас жүлдеге тігілген көлікті қарағандылық ақын Төлеген Жаманов мінді. Одан өзге, 1-ші орынға 1 миллион теңге, 2-ші орынға 500 мың теңге берілсе, ал 3-ші орынды иеленгендер 300 мың теңгеден қаржылай сыйлық алды.

Думанды кеште айтыскерлер қоғамдағы өзекті мәселелерді бей-жай қалдырған жоқ. Қазылар алқасы сөз сүлейлері басылып емес, ашылып айтты деп айтысқа жоғары баға берді.

«Арасында айтылған қазақтың білім мәселесі, денсаулық мәселесі ұлттың жанына батқан жан айқайының барлығы осы ақындардың тілінің ұшынан ұйқас болып өрілді. Оған бәріңіз де куә болдыңыздар. Бойымызға қуат беретін, жүрегімізге шуақ беретін, ұлтымыздың еңсесін тіктейтін жақсы айтыстардың көрермені болуға жазсын!», – деді қазылар алқасының мүшесі, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре ЖҮСІП.

«Өз көңілімнен шыққан айтыс болды. Өзімнің ойымдағы айтсам деген дүниелерді айттым, жеткізсем деген дүниемді жеткіздім. Көздеріңіз көрді. Қазіргі қазақ айтысының деңгейі керемет қарыштап кетті. Бүгінгі күндегі айтысты кешегі 90-шы жылдардағы айтыспен салыстыра алмайсыз», – деді Төлеген ЖАМАНОВ.


Новости партнеров