Ақышев теңге бағамына қатысты жағдай қандай болатынын айтты

Ақышев теңге бағамына қатысты жағдай қандай болатынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресей рублінен кейін теңгенің әлсіреуі уақытша құбылыс. Бас банкир Данияр Ақышев елдің алаңдауына негіз жоқ деді. Ұлттық банк төрағасы валюта нарығындағы өзгерістерге сыртқы жағдайдан бөлек, ішкі мәселе де түрткі болуы мүмкін екенін атап кетті.

«Бұл өзгеріс Ресейдің қаржы нарығындағы рубльдің әлсіреуіне байланысты болып отыр. Рубль бірнеше күн бойы төмендеп келеді. Теңге де соған орай өзгеріске ұшырап отыр. Дегенмен ескерте кетейін, шындығына келгенде теңгеге қауіп-қатер жоқ. Керісінше, қолайлы жағдай жасалған», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр АҚЫШЕВ.

Айта кету керек, мерекеден кейінгі қор биржасындағы алғашқы сауда-саттықта бір доллардың бағасы 3 теңгеге көтеріліп, 329 теңгені құрады. Ал мәжілісте «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасы қайта қаралды. Жан-жақты талқыға түскен құжат екінші оқылымда мақұлданып, Сенатқа жолданды.


Новости партнеров