Ақышев ұлттық қордың шетелде бұғатталған қаржысына қатысты журналистерге жауап берді

27.12.2017 22:39

Данияр Ақышев ұлттық қордың шетелде бұғатталған 22 миллиард доллар қаржысына қатысты журналистер сауалына жауап берді. Еске салайық, бұл қаражатты молдавиялық бизнесмен Анатолий Статидің  Қазақстан үкіметіне қатысты түсірген шағымынан кейін АҚШ-тағы The bank of new york mellon компаниясы бұғаттады. Айта кеткен жөн, ағайынды Анатолий және Габриель Статилерге қатысты құрама штаттарда өтіп жатқан сот процесі Қазақстан тарапының бастамасымен көтерілген. Шетелдік кәсіпкерлер ұйымдасқан қылмыс және жемқорлық деректері бойынша айыпталып отыр. Олар да өз кезегінде құқықтарын қорғап, қазақ үкіметіне қарсы халықаралық арбитражды трибуналға шағымданған.  Ұлттық қорға тиесілі шетелдік банктегі қаржы сол шағым негізінде бұғатталып отыр. Осы мәселе бойынша түсініктеме берген ұлттық банк төрағасы "шетелдегі қаржы қайтпайды деген алаңдаушылық - бекер" дейді. 

«Менің ойымша іс насырдан асқан жоқ. Болмаса, активтерді жоғалтамыз деген қорқыныш жоқ. Әрине, бұл жерде заңдық тұрғыда кикілжіңдер жалғасып келеді. Бұл шешімін табатын мәселе деп ойлаймын»,-деді ҚР ұлттық банк төрағасы, Данияр АҚЫШЕВ.