Алакөлге сәл жақын қалды: Роман Ботабековпен сұхбат

21.07.2017 20:18

Көптеген Қазақстандықтар өз отанында демалғанды жөн көреді.  Отбасымен демалатын сүйікті орындарының бірден-бірі ол -  Алакөл болып табылады. Бұл көл өзінің емдік қасиеттерімен атақты. Мұнда қариялар, балаларымен ем алу үшінде жиі келеді. Тіпті жақында ғана «»Алматы – Алакөл» атты жаңа атауға ие болды. 10 жылдан астам уақыт ішінде туризм жақсы дамып келеді, көптеген қонақүйлер тұрғызылып жылдан-жылға қонақ үйлердің саны артып, жолдар жөндеуден өткізіліп көркейіп жатыр. Айта кетейік, жақында «Алматы-Алакөл» арасында әуе қатынайды.

Осы маусымда туристерге демалыс орнынан не күтуге болады? Өз отанымызда демалғанымыз дұрыс  және отанда демалған қанша екенін, осы және басқа да сауалдарға «Туран Экспресс» жолаушылар компаниясының бас директоры, «Атамекен» және Қазақстан туризм ассоциасының өңірлік кеңес мүшесі Роман Ботабеков Бейдәліұлы жауап береді.


- Қазақстандықтар өз отанымызда жиі демала бастағанына қарамастан, отандық туроператорларға деген сенімсіздік пен күдікті көзқарас қалыптасып қалған. Оның астары неде? Баға қымбаттылығында ма?-Мәселе, тек бағаның қымбаттылығында емес, сонымен қатар қызмет көрсетудің өте төменділігінде. Осы жағдайға байланысты біз өз тарапымыздан өте жоғары мамандандырылған гидтер, яғни нұсқаушылар мен аудармашылар тіпті жоқ десем де болады. Осы біздің ең үлкен осал жеріміз.  Уақыт өте мұның бәрі болады дегенімізбен, туристердің қаптап келуіне кедергі болып тұр. Қазір Кәсіпкерлер палатасы мен Туризм Ассоциациясы мамандарды оқытып, туристік қызмет саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс жасап жатыр. Ал бағаға келер болсақ ол әрине уақыт еншісінде. Қазіргі таңда бізге бәсекелестер жоқ. Ал олар яғни бәсекелестер келген кезде әрине бағалар бір қалыпқа түседі. Дегенмен де, қазақстанның әр түкпірінде өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленетін жерлер көп, бірақ біз өзіміздің отбасылық демалыс орнын әйгілі етуге барынша тырысудамыз.

- Роман Бейдәліұлы сіздің ойыңызша отанда демалудың артықшылықтары бар ма? 

 Біріншіден Қазақстан біздің отанымыз, осыны ең алдымен түсінуіміз қажет және бұл жер біз үшін қауіпсіз. Ал екіншіден көптеген құжаттарды рәсімдеп қиналудың қажеті жоқ. Өз отанымыз-өз тіліміз.


- Жаздық демалыс орындарының ең танымалы ол – Алакөл. Сіздің компанияңыз яғни, ұжымыңыз осы барып-келу іс-шараларын ұйымдастырады. Бұл істі қалай бастадыңыз?

Алакөл пойызын біз 4 жылға шамалы уақыт қолға алып келеміз. Әрине басында ешқандай кіріссіз, болашағы бұлыңғыр көрінді. Бірақ біздің отанға деген сүйіспеншілігіміздің арқасында біз жұмыс жасауды тоқтатпадық. Қатты өзгеріс соңғы екі жыл ішінде болды. Алматы облысының басқармасына ең алдымен өзіміздің алғысымызды білдіреміз. Себебі, олар бізге азын-аулақ өз тараптарынан қолдау көрсетті. Субельдия көп болмасада олар бағаның қалыпты тұсауына ықпалын өте көп тигізді. Мысалы, бізге бар-жоғы алты жүргіншілер таситын вагон бөлінсе, біздер өз күшімізбен 20 вагон жасадық, соның арқасында 17 мың адамның орнына біз 71 мың турист (демалушылар) таси бастадық. Сұраныс жылдан-жылға өсуде. Маусым басында 6 вагон болса одан соң саны 10-ға жетті.  Қазіргі таңда туристердің, яғни демалушыларды бүкіл жағдайын жасап діттеген жеріне өз уақытында жеткізу біздің үлкен жауапкершілігімізде.

- 5 жыл ішінде Алакөл қалай өзгерді?

- Жер мен көктің арасындай өзгерістер болды.  5 жыл бұрын біз комерциялық турымызды жаңадан ашқан кезде,  пойыздан бірден жерге секірдік, бар-жоғы 100 метр ғана перрон болған еді. Алдыңғы жылы «Қазақстан Темір жолы» бұл перронды  350 метрге ұзартты. Қатты қуандық,  бұрынғыдай тасқа емес, өркениетті, ұқыпты, әдемі перронға түсетін болды. Баздар мен көптеген қонақүйлер орналасқан Ақшиде, 260-300 орынды құрайтын, барлық ыңғайлықтары жоғарғы деңгейде жасалған вокзал бой көтереді. Сонымен қатар, облыс әкімшілігі жолды сапалы жөндеуден өткізіп, асфальт бетон төсеткізді.  Демалыс үйлері саңырауқұлақтай өсіп келеді, жергілікті тұрғындар қызмет көрсету кәсібін меңгеруде. Былтыр, осы жердің жергілікті тұрғындары осында келушілерге өздерінің үйлерін хостельге айналдырып бөлмелерін жалға беретін. Кейбіреулері автокөлік сатып алып тасымалмен айналысып, ақша таба бастады. Салық төлеп бюджетке жақсы әсер қалдырдық. Әрі жұмыс орындары да пайда болды. Алакөл гүлденді десем де болады. Алдағы уақытта көркейе түсетініне кәміл сенемін.  


- Жағымды естіледі әрине, яғни біздің Алакөл шетелдіктерді  күтіп алуға дайын ба?

 - Шетелдіктер ол жерде жиі болады және қызмет көрсету жоғарылаған сайын қонақ үйлер үш жұлдыз, төрт жұлдыз, тіпті бес жұлдызды сапа белгісін иемденеді, әрі ұлғая түседі. Тек жазда ғана емес, барлық маусымда қызмет көрсету жоспарда бар. Алакөл қарапайым су ғана емес, оның емдік қасиеті де бар. Егер де осы жұмыстар қолға алынып жатса,  "Алматы-Алакөл" бағыты бойынша біздің пойыз жыл бойы жүре алады.

- Ал осы жылы туристерді тасымалдау қалай болмақ? Бағасы қанша?

- Бізде билет 2500 теңгеден басталады, вагон ауа баптауышымен, теледидарымен, жаңа өте ыңғайлы. Автобустың бағасы 14 000 теңге, ыңғайсыздығы жолаушылардың жүріп-тұруына қолайсыздық тудырады. Ал біздегі белгіленген баға студенттерге қолжетімді, сонымен қатар балаларға арналған биелттерде бар. Ардагерлерге де қызмет көрсетеміз, кейде әлеуметтік жеңілдіктер болып тұрады.


- Пойыз кестесі өзгерді ме және де қай жерден билетті сатып алуға болады?

- Біздің билетті Қазақстанның кез келген нүктесінен сатып алуға болады, №453 және кері қайту №454 пойыздары туралы кез келген темір жол кассасында ақпарат беріледі. Биыл біз өте ыңғайлы кесте жасадық. Енді біз 22.35-те шығып, дәл түскі ауысымда келеміз. Бұдан былай демалушылар, шаршап-шалдығып 4 сағаттық чек-аутты күтпей, кеш түскенше демалып, суға шомылып уақыттарын текке өткізбейтін болады. Осындай кесте келесі жылы да қолданыста болады деп үміттенеміз.





Аударған: Салтанат Нұртай

Фото: Байтибаев Диаскен