«Алаш қозғалысы және рухани жаңғыру» атты конференция өтті

«Алаш қозғалысы және рухани жаңғыру» атты конференция өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алашордашылардың еңбегін өнермен дәріптеу үшін кинотуындыларды, спектакльдерді көбейту керек. Бұл туралы «Алаш қозғалысы және Рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Жиынға Қазақстанның кино режиссерлері мен тарихшыларынан бөлек, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Белорусь елдерінің ғалымдары қатысты. Басқосуда Алаш қозғалысының құрылу тарихымен қатар, зиялылардың атқарған істері мен қызметі, тарихи тағдыры, қазақ елінің дамуына қосқан үлесі сөз болды.

«Алаш қозғалысы» деген уақытта бұл ұлттың өзін-өзі түсінуі. Өз жағдайын, өз халін түсінуі. Алаштықтардың функциясы не болды? Ол - ұлтты оятты. Ұлтқа өз жағдайын түсіндірді. «Сен құл болма, сен құл емессің. Мынау жер сенікі,  Отан сенікі. Сол Отанға, жерге өзің ие бол», деп кетті», - деді тарих ғылымдарының докторы Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ.


Новости партнеров