Алатау ауданында Тәуелсіздік күні аталып өтті

14.12.2017 22:55

Барша халық ерекше емірене, көздеріне жас ала еске алатын күндердің бірі -16 желтоқсан екені айқын. Тәуелсіздік күнін Алатау ауданының халқы өзінше ұлықтап, өзгелерден бұрын еске алды. Өйткені, 1986 жылдың ызғарлы желі мен қыршыннан қиылған боздақтардың еңбегі еш санадан өшпейді, дейді шараға жиналғандар. Атқамінерлер еліміз тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай ауданда еңбегімен ерек көзге түскендерді «алғыс хатпен» марапаттады. Оның қатарында ұстаздар, инженерлер мен ардагерлер бар.