Алматыда жас суретшілер арасында астананың бейнесін қағазға салудан жарыс өтті

14.12.2017 22:41

Алматыда жас суретшілер астананың келбетті бейнесін қағазға салып жарысты. «Астана - арман қала» қалалық байқауға 8-15 жас аралығындағы 80 жасөспірім қатысқан. Олар алып шаһардағы 200 мектепте білім алып жатқан 200 мың оқушының арасынан таңдап алынған. Үздік жұмысты белгілі суретшілер және мәдениет қайраткерлерінен құралған әділ қазылар алқасы анықтайды. Бұл байқау "Туған жер" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

«Мұндай байқаулар жиі өтіп отырады. Алайда, ол байқауларға балалар дайын жұмысымен келетін. Ал енді бүгінгі байқаудың ерекшелігі балалар осы жерде отырып, суреттерін салады. Бұның бір жағынан мұғалім көмектесті. Үлкен кісілер көмектесті деген күмін болмас үшін балалардың таза еңбегін көру мақсатында біз балаларды осы жерде отырып, суреттерін салуға осындай талап қойып отырмыз»,-деді Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары, Ләззат ЖЫЛҚЫБАЕВА.