Алатау ауданының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

27.09.2017 23:45

Алатау  ауданының тұрғындары судың оқта-текте берілетінін айтып, арнамызға хабарласты. Бұқара тіршілік нәрін сәуір айынан бері жөнді тұтына алмай келеді. Сөздерінше, жауаптылар суды күндіз өшіріп, тек қас қарайғанда ғана қосады екен. Оның себебін ешкім түсіндірмеген. Ашынған жұрт аудан басшылығына арызданған. ¤¤

Бұл "Әйгерім" ықшамауданындағы білдей қос көшенің тұрғындары. Олар «бірнеше айдан бері суды жөнді тұтана алмай отырмыз», - деп налиды. Өйткені, халық әр кеш сайын тіршілік нәрін ыдысқа құйып шаршаған. Аудандық әкімдікке барып, мұнда құбырлардың жаңартылып жатқанын естіген. Тек оның келесі жылы аяқталатынын естігенде талып түсе жаздапты. Өйткені, қиналап жүруге шамалары жоқ.

¤«Күнде су жоқ. Күніне екі рет өшіреді. Үш рет өшіреді. Сағат түнгі бірге дейін бермейді суды. Не істейміз? Баламыз, немелеріміз бар. Оларды жуындыру керек. Қонақтар келеді. Кір жуып, үйдің бәрін тазалау керек. Жуынайын десем үйде су жоқ. Не су іше алмайсың», - деді¤ қала тұрғыны Серік БАЙМҰРАТОВ.

Ал, зейнеткер Айша Оңалбаева алдымен шәугім-шәйнекті суға толтырады. Өйткені, «үйге келетін қонақтарға шай құйып беруім керек», - дейді. Әжей бірнеше айдан бері тіршілік нәрі ойламаған уақытта өшіп қалатындықтан ешқандай істі бастамаймын деп отыр. Тіпті су көпке жету үшін мынандай бөшке сатып алып қойыпты.

¤«Сәуірден бастап біздің ықшамауданға су менен канализация жүргіземіз деген жобалары бар болатын. Соған байланысты анда-санда суды өшіріп тұрады. Кейін ескі құбырларды трактор  жарып кетеді. Сондықтан мен олардан сұрадым жоба қайда деп? Олар «бізде жобасы жоқ», - дейді. Мүмкін емес қой оның проектісі болмауы», -деді  қала тұрғыны Айша ОҢАЛБАЕВА.

¤Әкімдіктегілер бұл көшедегі кәріз бен су құбырларының заңды құжаттары жоқ әрі жобасы сызылмағанын айтады. Өйткені, кезінде тұрғындар бірігіп, жолдың кез келген жерін қазып су жүргізіп алған. Енді биыл қалалық әкімдік жаңадан жоба жасақтап, құбырларды ауыстырып бермек. Бірақ құбырлардың нақты қай жерден өтетіндігін білмейтіндіктен, ауыр техниканың тісі тиіп кетіп жатқан көрінеді. Сондықтан, олар жарылып кетеді екен.

¤«Кейбір кезде ғана сондай мәселелер болады. Үзіліп кетеді сол кезде бірден  тапсырыс келеді. Біз мердігер мекемеге бірден айтамыз, Олар бірден жалғап жөндеп береді. Ол жобаға сай еш жерде, ешкімнің байланысында тұрған жоқ. Ешқандай мекемеде тіркелмеген. Соған байланысты бұлар өздері жобаға сай жұмыстар жүргізіліп жатыр.Бұлар жердің астында не жатқанын білмейді», - деді Алатау ауданы коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Әділет ТОҚТАСЫНОВ.¤

Құбыр ауыстыру жұмыстары келесі жылдың көктем айында толықтай аяқталады. Бірақ әкімдік халық судан ажырамайды, тек кей күндері кем дегенде 2 сағатқа өшетіндігін айтады. Сондықтан, жұртқа ыдысқа су толтырып, шыдаудан басқа әзірге амал жоқ.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы