Алматыда қазақ кеңестік социалистік республикасының алғашқы премьер-министрі, бұрынғы мәжіліс депутаты, мемлекет қайраткері Ұзақбай Қарамановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қаралы жиынға марқұмның туыстары, шәкірттері мен билік өкілдері қатысты. Марқұммен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында өтті. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұмның туыстарына жазған желехатын оқып берді.
«Ұзақбай Қараманұлы өзінің барлық білімімен өмірлік бай тәжірбиесін туған елінің өсіп-өкендеуіне қалтықсыз арнап еңбек етті. Әрдайым өзінің зор ұйымдастырушылық қабілетімен, биік абырой беделіне сай жоғарғы лауазымды қызметтерді атқарды. Еліміздің примьер - минирстрі, Парламенті мәжілісінің депутаты болды. Қазақстандықтар оның еңбегі мен есімін ұмытпайды деп ойлаймын», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.
Сондай-ақ, жеделхатта Қазақстан Президентінің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Ол шын мәнінде халқына еңбегі сіңген тұлға. Еліміздің түкпір-түкпірінде бой көтерген әртүрлі нысандар Қарамановтың басшылығымен салынған. Тіпті, Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы әкем театрдың құрылысын да марқұмның өзі басқарған.
«Елімізді дамытып тәуелсіздігімізді нығайту жолында өлшеусіз еңбек сіңірді. Бекзат болмыс пен кемел парасатың қайнар көзі болған Ұазқбай ағамыздың жарқын бейнесі халықтың жанында мәңгі сақталады деп сенемін», - деді Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.
«Біздің Президент, елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев ел үшін қыйын-қыстау кезеңде әкеме сенім артып, жоғары қызметке тағайындаған еді. Ол жылдарда халық үшін әрі қарай дамып, қыйындықтардан шығу үшін тыңбай жұмыс істеу керек еді. Әкем бар сенімді ақтады. Президент оған танысқан күннен бастап бүгінгі күнге дейін сенім артып келді. Міне бүгін де қайғымызға ортақтасып көңіл айту теллеграмасын жіберді. Әкеме деген осынау құрмет үшін басымды иемін», - деді¤ Ұзақбай Қарамановтың ұлы Нұрлан ҚАРАМАНОВ.
«Өскелең ұрпаққа көрсеткен өнегелі ғұмырыңыз үшін сізге алты алаш та сырелі де дән риза. Сізде де біздің ниетімізге, қимастық көңілімізге риза болыңыз. Хош асыл аға», - деді Қызылорда облысының әкімі¤ Қырымбек КӨШЕРБАЕВ.
«ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары және Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматиллунның атынан өмірден өткен еліміздің аса белгілі азаматы, еліміздің қиын кезінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болған Ұзақбай Қараманұлының өмірден өтуіне байланысты апа сізге, ұлдарына, туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ.