Әлемнің бірнеше мемлекеті өз елдерінен Ресей елшілерін аластатып жатыр

28.03.2018 16:57

Әлем елдері Ресей елшілерін өз мемлекеттерінен қуып жатыр. Олар орыстардың арнайы қызмет өкілдері танымал барлаушыға қастандық жасады деген ойда. Ал Ресей тарапы дамыған мемлекеттердің бұлайша бұлқынуын терроризмге балады.

Әлемнің бірнеше мемлекеті өз елдерінен Ресей елшілерін аластатып жатыр. Олар танымал барлаушы Сергей Скрипаль мен оның қызына орыстардың арнаулы қызметі қастандық жасады деген ойда. Сондықтан орыс дипломаттарымен байланысты үзуге бекінген. Қазірдің өзінде мұндай келісімге Канада, Аустралия, АҚШ және Еуропадағы бірнеше мемлекет қол қойыпты. Тіпті, Дональд Трамп АҚШ-тағы Ресей елшілігін жабу туралы шешім қабылдаған. Дерек бойынша, Скрипаль Ресейде дайындалатын «Новичок» дәрісімен уланған екен. Қазір барлаушы қызымен бірге ауыр хәлде ауруханада жатыр.     

«Бұл Ресей билігі үшін үлкен ескерту. Біз халықаралық заңның бұзылуына жол бермейміз», - деді Канада парламентарийі Омар АЛГАБРА.

Ал Ресей тарапы дипломаттардың елден шығарылу туралы шешіміне қарсы. Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде бұл қадам достыққа қарама-қайшы, оған қоса Скрпиальға қастандық жасағандарды табуға жасалған әрекет емес деп отыр.

«Бізде туындайтын басты сұрақ - бұл іске Ресейдің қатысы барына дәлел қайда? Біріншіден, біз бұл қылмысты тергеуге серіктес болуды ұсындық. Аталған істі террористік акт деп санаймыз. Сондықтан кінәлілердің тезірек табылуын қалаймыз», - деді Эстониядағы Ресей елшісі Александр ПЕТРОВ.

Мысырда президент сайлауы өтіп жатыр. Ел тізгінін ұстауға екі адам үмітті.  Олар Мысырдың қазіргі басшысы, 63 жастағы Абдель Фаттах Ас-Сиси және белсенді партия өкілі Мұса Мұстафа Мұса. Дүйсенбіде басталған саяси дода үш күнге созылады. Әйтсе де, дауыс берудің қорытындысы келесі дүйсенбіде жарияланбақ.

Жалпы, қазіргі мемлекет басшысы Абдель Фаттах Ас-Сиси 2014 жылғы сайлау кезінде жеңіске жеткен. Елдегі заңға сәйкес, оның екінші мәрте президенттікке сайлануға мүмкіндігі бар. Осы тұста, Швейцариядағы көрмелердің бірінде ең қымбат жәдігер ретінде шөлмек түріндегі сөмке танылды. Оның құнды болатын себебі - бұйым 9 мың 888 гауһар таспен көмкерілген екен. Ал салмағы - 120 карат. Көптің көз жауынын алған жәдігердың құны 300 мың долларға бағаланған. Тіпті, тың аксессуар Гиннес рекордтар кітабына ең көп бриллианты бар бұйым ретінде енген. Аталған көрме 1917 жылдан бері ұйымдасытырлып келеді. Онда жыл сайын ең соңғы үлгідегі әшекей бұйымдар мен сағаттар көпшілік назарына ұсынылады.