Алғабас ауылының тұрғыны жылуға жарымай отыр

12.01.2017 16:11

Алғабас ауылының тұрғыны жылуға жарымай отыр. Ол былтыр күзде газ орнататын компаниямен келісімшартқа отырып, қажетті қаражатты төлепті. Ымыра бойынша, көгілдір отын әлгі тұрғынның үйіне 3 айдың ішінде берілуі тиіс болған. Алайда, жарты жылға жуықтады, уәде сол күйі орандалмады. Амалы таусымлған тұрған біздің арна тілшілеріне хабарласып, көмек сұрады.

«Бізге өткен жылдың 3 қыркүйегінде газ орнатамыз деген. Ақшасын толықтай төледік. Олар үш айдың ішінде газ кіргіземіз деген», - деді Алғабас ауылының тұрғыны Абдукашим КАМРАЕВ.

Абдукашим Камраев бұл үйді осыдан 10 жыл бұрын тұрғызыпты. Алайда үйге газ орнатуға қаражаты жетпей, тек былтыр қордаланған істі шешугіе кіріседі. Сөйтіп, күзде аудандағы көгілдір отын берумен айналысатын компаниямен келісімшартқа отырып, тиісті қажаратын төлейді. Әлгі мекеме  жылуды 3 айда беруге уәде еткен. Тіпті, құбырларын жүргізіпті. Алайда жарты жылға жуықтады, газ сол күйі жоқ.                                               

«Сегізінші айда бітіреміз сосын қосамыз деген әңгімелер болды. Күтіп отырмыз ғой осы күнге дейін. Газ жоқ, қосқан жоқ», - деді Алғабас ауылының тұрғыны Абдукашим КАМРАЕВ.

Шарасыз тұрғын осы күнге дейін от жағып, үйін жылытып келген. Бірақ қытымыр қыс аяқ-қолды қарытып тастаған соң, амалсыздан уақытша туыстарын жағалауына тура келіпті. Ал, газ орнатуға келіскен компания бағзы әдетінше сылтауратумен жүрген. Жайттың жай-жапсарын анықтауға мекеме ғимаратына біз де бардық. Камераны көре сала, компания басшысы мәселені әп-сәтте шешіп беруге келісті.                            

Мекеме директоры жұмысшылар жылуға жарымаған тұрғынның үйіне газды тап бүгін кіргізіп береді деді. Осылайша, тілшілердің араласуымен қанша уақаттан бері сиырқұйымшақтанып келген мәселе шешімін тапты.          

Айжан Алтынбек, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы