«Кран суын бөтелкеге құйып сатты» деп күдікке іліккен компания өз өнімдерін көрсетті

28.03.2018 16:42

Алматылық ауыз су өндіретін компания өткен жылы Мәскеуде өткен азық-түлік өнімдерінің көрмесінде үздік атанды. Сондай-ақ отандық мекеменің тауары Швейцария мен Францияда жоғары бағаланған. Енді диспенсерден су ішуді әдетке айналдарғандарға қорықпастан тіршілік нәрін тұтынуына әбден болады. Өйткені, марапатқа ие болған отандық мекеменің артезиан ұңғымасы, зертханасы мен халықаралық талаптарға сай жұмыс істейтін цехы бар. Бөтелкедегі суды өндіретін мекеме тілшілердің басын қосып, пресс-тур өткізді. Тазалау кезеңдерінен өткен 19 литрлік ауыз су озонмен байытылып, дәруменді жоймайтын көрінеді.

«Ұңғымадан суды жинағаннан кейін тіршілік нәрі тазалаудың бірден 5 кезеңінен өтеді. «Самал» суы механикалық тазалартылып, жұмсартылады және хлор мен күкірт қосындысынан тазартылады. Одан кейін молекулярлы тазалау бар. Ультрафиолетті өңдеуден де өткіземіз. Кейін тазартылған суды озондау процессі жүреді. Ол кезде тіршілік нәрінің дәмі жақсарып, оттегімен барынша байытылады. Озондаудан соң ғана ыдысқа құйылады», - деді өндіріс жетекшісі Павел РЕСЛЕР.

Алматыдағы цехта тіршілік нәрінен бөлек, бөтелкенің тазалығына да аса мән беріледі. Бірнеше рет сүзгіден өткен су тек іші тазартылған ыдысқа автоматты түрде құйылады. Одан кейін судың аузы жабылып, өндірілген мерзімі жапсырылады екен. Жалпы дайын өнімді халыққа жібермес үшін зертхана мамандары талдаудан өткізеді. Бірақ алматылық ауыз су өндіретін мекеме тауардың сапасы үшін халық алдында жауапты екендерін мойындап отыр.

«Бізде «органолептика» деген бар. «Органолептика» дегеніміз ол судың дәмін, тазалығын тексереміз. Дәмі мен исі бар ма, жоқ па? Ол үшін 20 градуспен тексереміз.  60 градуспен тексереміз. Суды водоподготовкадан аламыз. Линиядан аламыз. Тексергенде. Сонда судың дәмі қандай екені шығады. Фильтрдан кейін өткен сулар ондай қызғылт болмайды. Таза болып шығады», - деді химик-зертханашы Айгүл ТОРАЙҒЫРОВА.