Еліміздегі кембағал әйелдер білімін жетілдіре алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа мүмкіндік. Енді еліміздің барлық аймағындағы кембағал әйелдер білімін жетілдіре алады. Нәзік жандыларға тегін оқуды  «Шырақ» қауымдастығы ұсынып отыр.

«Шырақ» қауымдастығының қамқорлығын көрген келіншектің бірі - Элла Петрвовец. Медицина саласын меңгерген ол, 5 жылдан бері массажист болып жұмыс істейді. Аталған қор арқылы қосымша курсты тәмамдап, бүгінде іскер ханым болуды көздеп отыр. Талғар қаласынан жалға ғимарат алып, массаж түрлерін ұсынбақ. Жұмысқа тек зағип жандарды тартамын дейді болшақ бизнес өкілі.

«Мен жұмысқа шақырған жандар өте қуанышты. Көз жанары нашар көретін адамдар бірге бір жерде жұмыс істесе, бір-бірінен ыңғайсызданбайды. Қазір 8 адамбыз. Алдағы уақытта қатарымызды көбейтеміз деген үміттемін»,- деді Кәсіпкер, Элла ПЕТРОВЕЦ.

Айта кетерлігі, бұған дейін қауымдастықтың қолдауы тек Алматыда көрсетіліп келген еді. Енді еліміздің барлық өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі жандар қосымша білімін жетілдіре алады. Соңғы екі жылда 500 әйелге септігі тиген. Енді тағы да жоба аясында еліміздің 16 қаласынан 180 мүгедек әйелді оқыту, оның ішінен қайта біліктілікті арттыру курсынан өтуге 90 адам іріктеу жоспарланып отыр. Айта кетейік, курс ұзақтығы- 2 аптадан 2 айға дейін жалғасады.

«Жобаның ерекшелігі тек мүмкіндігі шектеулі әйелдерге демеу көрсету ғана емес, сондай-ақ оларды қызметкер ретінде қабылдауға дайын жұмыс берушілерге де қолдау көрсету болып табылады.  Біздің орталық арқылы телефон операторы, есепші, кеңсе менеджері, тігін және киім жөндеу жұмыстары,маникюр-педикюр жұмыстары, массаж ісі, ас дайындауды үйретеміз»,- деді «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының төрайымы, МАРИЯ Тарасова.

«Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы 16 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жоба Жапония, Ресей мен Германия сияқты дамыған елдердің тәжірибесі негізінде құрылған.Бүгінгі таңда Қауымдастық республикалық мәртебеге ие.

Әйкерім Ердәулетқызы, Варелий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров