Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушылардан өтініш қабылдануда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушылардан өтініш қабылданып жатыр. Қазірдің өзінде 50-ден астам отбасы байқауда бақ сынауға ниет білдіріпті. Конкурсқа қатысқысы келетін қала тұрғындары өтініштерін 30 сәуірге дейін аудан әкімшіліктеріне өткізе алады. Байқаудың бірінші кезеңі аудан арасында ұйымдастырылады. Топ жарғандары екінші кезеңге іріктеліп, қала көлемінде сайысады. Отбасылық құндылықтарды ұлықтап, байқаудың бар талабына сай келген 2 отбасына ұйымдастырушылар қыркүйек айында Астанаға жібереді. Олар республика көлемінде жарысатын болады. Айта кетсек, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы елімізде 2014 жылдан бастап дәстүрлі өткізіліп келеді.

«Конкурсқа қатысуда ешқандай шектеу жоқ. Әрбір қатысамын деген отбасы қатыса алады, алайда жеңімпазды таңдау кезінде отбасының талантты болуы, отбасылық дәстүрлерді дәріптеуі, қоғамда беделді болуы ескерілетін болады», - деді Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Фариза ҚАМБАРОВА.


Новости партнеров