Алматыда мектеп оқушыларының арасында мүшәйра өтті

Алматыда мектеп оқушыларының арасында мүшәйра өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурыз - рухани жаңғырудан басталады. Осындай атаумен Алматыда бірінші рет жас ақындар мүшәйрасы өтті. Үш пен оныншы сыныптар аралығында оқитын оқушылар әз-Наурыз бен табиғаттың жаңаруына байланысты шығарған өлеңдерін жатқа оқыды. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға қатысуға 140-қа жуық жеткіншек ниет білдірген. Жүзден жүйрік шапқандар қалалық білім басқармасының диплом-сертификаттарымен марапатталды.

«Наурыз туралы жазған ақын-жазушылардың өлеңдері өте аз. Жаңа жылға байланысты басқа ұлттардың әндері, өлеңдері өте көп. Міне, осыған байланысты, рухани жаңаруға байланысты жаңа толқынды тәрбиелеу мақсатында осы наурызды дәріптеу шарасы деп есептеймін. Өте белсенді қатысып отырған Алмалы, Жетісу, Түрксіб және Алатау аудандары. Осы 4 ауданның оқушылары өте көп келді», - деді № 62 Ш. Смаханұлы атындағы гимназияның директоры Атығай БИЖАНОВ.


Новости партнеров