Алматыға Корей елінің Ұлттық Ассамблея төрағасы келді

Алматыға Корей елінің Ұлттық Ассамблея төрағасы келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға Корей елінің Ұлттық Ассамблея төрағасы келді. Чон Сэ Гюн бастаған делегация мемлекеттік корей музыкалық комедия театрында қонақта болып, ұжым жұмысымен танысты. Сахна майталмандары тоталитарлық жүйе кезінде қазақ даласына жер аударылып, тұрмыс тауқыметін тартқан корей ұлтының мүшкіл күйін сахналап, сыйлы меймандардың назарына ұсынды. Іргесін өткен ғасырдың 30-шы жылдары қалаған театрға мемлекеттік мәртебе берілген. Бүгінде өнер ордасының репертуарында корей ұлтының ұлттық және заманауи үлгідегі қойылымдары мен отандық және шетелдік қаламгерлердің тырнақалды туындылары бар. Қазір Алматыда 35 мың корей ұлтының өкілі тұрады. Олар әр салада табысты еңбек етіп жатыр.

«Корей мемлекеттік театрына өткен жылы академиялық мәртебе беріліпті. Бұл - Қазақстанда тұрып жатқан кәрістерге көрсетілген үлкен құрмет деп білемін. Қазір Алматыдағы кәрістер әр салада табысты еңбек етіп, Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосып жатыр екен. Осындай игі іске мұрындық болған ел Үкіметіне және мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа айтар алғысым зор», - деді Корея Республикасы Ұлттық Ассамблея төрағасы Чон Сэ ГЮН.



Новости партнеров