Универсиада тек споршылардың жаңа рекордтарымен ғана есте қалмайды, қала халқы мен туристерге арналған таңғажайып тамаша мәдени шаралармен де тамсандырмақ. Ұйымдастырушылар концерт залдары, театр мен кітапханалар 20 қаңтардан бастап келушілерге есігін айқара ашпақ. Қаладағы ірі театрлар 20 күн бойы түрлі классикалық деңгейдегі қойылымдарды сахналамақ. Шетелдік туристердің қазақ салтымен танысып, кең дастарханынан дәм татуына мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар, Республика сарайының алдында Универсиада жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі. Шоу бағадарламалар барысында еліміздің өнерпаздары әннен шашу шашса, акробаттар мен бишілер де көптің көңілін көтеруге күш салмақ.
«Ірі жобалардың бірі Алатау алабы фестивалі. Бұл жобаның мақсаты - келген қонақтар мен спортышларды дәстүр, салтымыздағы ерекше көріністермен таныстыру. Шеберлік сабақтарын өткізіп, ұлттық тағаммен тамсандырып, ұлтымызға тән ойындарды көрсету», - деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының маманы Айнұр БАЖЕНОВА.
Ал, алаңда өтетін күнделікті салтанатты жиын барысында көрермендер «Универсиада-2017 дауысы» байқауына қатыса алады. Сонымен қатар, қоғамдық қорлардың ұйытқы болуымен сурет салу, қаланың келбетті жерлері мен көрікті табиғатымызды кескіндеуден де байқаулар өткізілмек.