|
14.12.2016 | 10:42
2266

Жедел жәрдемге жол бермегендер жауапкершілікке тартылды

Жедел жәрдемге жол бермегендер жауапкершілікке тартылды

Жедел жәрдемге жол бермегендер жауапкершілікке тартылды. Арнайы техниканың дабылына бей-жәй қараған жүргізушілер бірден тоқтатылып, айыппұл салынды. Көлік жүргізушілері арнайы мақсаттағы техникалардың діттеген жерге уақытында жетуіне жолдағы қозғалыстың тікелей маңызды екенін түсінулері қажет. Осыған орай Алматыда рейд ұйымдастрылды.

Артында келе жатқан жедел жәрдем көлігін байқамаған, дабылын естімеген мына жол талғамайтын тұлпар иесі бір минуттан кейін ғана жол берді. Алайда, жол жүру ережесін бұзған жүргізушіге сақшылар 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Көлік иесі болса, «жедел жәрдем көлігін кеш байқадым», дейді. Бірақ жедел жәрдем көлігі үшін бір минут адам өміріне араша болуы мүмкін.

Алматы қаласында жедел жәрдем көлігі шақырылған жерге 15 минутта жетуі керек. Бірақ көлік кептелісі мен жүргізушілердің жол бермеуі кесірінен алғашқы көмек көрсетушілер жарты сағатқа дейін кешігеді екен. Жедел жәрдем көлігін тізгіндеген жүргізушілер болса, жол ережесін бұзып, қарсы бетпен жүретін кездер жиі болады дейді. Сонымен қатар, таңғы және кешкі уақыттардағы кептелісте кедергі болады.

«Соңғы уақытта жедел жәрдем көлігіне жол бермейтіндер көбейіп кетті. Мысалы, алдымымызда кетіп бара жатқан көліктен жол сұрап, дабыл берсекте байқамаған секілді жол бермей жүре береді. Содан кейін жол ережесін бұзып қарсы бетпен жүруге тура келеді. Жедел жәрдем көлігін көрген кезде адамның өмірін ойлау керек», - деді жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Юрий ПАК.

Рейд барысында жедел жәрдем көлігі Медеуден қалалық нөмірі төртінші ауруханаға дейін дабыл белгісімен жүріп өтті.  Жол бермеген 3 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. Оларға жалпы сомасы 40 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Рейдтің басты мақсаты - өрт сөндіру және жедел жәрдем көлігінің адам өмірі үшін маңызды екенін түсіндіру. Айта кетейік Алматы да 165 жедел жәрдем көлігі қызмет етеді.

Аршын Кемелжан, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир