Сәулет және қала құрылысы басқармасының үстінен Алматы тұрғындары сотқа жиі арыз түсіреді

Сәулет және қала құрылысы басқармасының үстінен Алматы тұрғындары сотқа жиі арыз түсіреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәулет және қала құрылысы басқармасының үстінен Алматы тұрғындары сотқа жиі арыз түсіреді. Әсіресе мұндай жағдай облыстан қалаға қосылған аумақта тұратын елден күрт көбейген. Азаматтық істерді қарайтын Алмалы аудандық судьяларының айтуынша, жерлерінің заңды құжаты бар болса да, оған үй немесе өзгеде құрылыс рұқсат жоқ. Былтыр осы мәселе бойынша сотқа түскен 42 арыздың 15-і тұрғындардың пайдасына шешілген.

«2011-2012 жылдары мемлекеттік акт азаматтар заңды алады. Бірақ қазіргі уақытта оған құрылыс жасайын деген арызбен АПЗ алуға барғанда, мемлекеттік мекеме, яғни басқарамыз құрылыс жүргізуге келісім бермейді. Басқада жерді пайдалану өзгеріп жатыр. Сондықтан бұрын заңды түрде берілген мемлекеттік актілер болашақта ешқандай құрылыс сала алмайды», - деді Алматы  қаласы Алмалы аудандық №2 сотының судьясы Ұлан ҚАЖЫКЕН.

«Біз Алматыны үлкен ауылға айналдыра алмаймыз ғой. Қала сияқты болу керек. Ол жерде магистарльді көше, білім, денсаулық орталықтары болу керек. Алынған жерлердің орнына өтемақы беріледі», - деді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары  Төлеухан ИСМАИЛОВ.


Новости партнеров