"Алматы" арнасы 5 қыркүйектен бастап жаңа телевизиялық маусымын бастайды

"Алматы" арнасы 5 қыркүйектен бастап жаңа телевизиялық маусымын бастайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз



Жаңа маусымдағы - жаңа уақыт. "Алматы" арнасы 5 қыркүйектен бастап жаңа телевизиялық маусымын бастайды. Дүйсенбіден  бастап көрермендер назарына тың тележобалар ұсынылады. Жаңа маусым Жаңалықтар кестесіне де өзгеріс әкелді. Ақпараттық бағдарламаның қазақ тіліндегі көрермендерін дүйсенбі- жұма аралығында үйреншікті уақытта - кешкі сегізде - теледидар алдында күтеміз. Ал "Новости" бағдарламасы енді кешкі тоғызда эфирге шығады. Жаңа маусымда - жаңа леп. Арнамызда әйел қауымына арналған ток-шоу жанрындағы тағы бір бағдарлама түсіріліп жатыр. "Женский мотив" бағдарламасында қазіргі қоғамдағы әйелдерге қатысты барлық мәселелер қамтылады. Ток-шоудың алғашқы хабары әйел хұқына арналады. Студия қонақтары жылдар бойында жасырған жеке құпияларын жариялайды. Ток-шоу авторлары жантүршігерлік деректердің айтыларын алдын-ала ескертті. Ашық айтып, ақиқатына жету үшін сан алуан мәселе көтеріледі. Түрлі тағдыр, кейіпкер мұңы, ащы шындық, адасқан адамдар барлығы жаңа маусымда жарық көретін жаңа ток-шоуда.     

"Бағдарламамызды қоғамға қарсу шығумен бастадық. Қазіргі қазақ қызының кейпі қандай болу керек деген сұрақ қойып, түсірілім алаңында пікір таластырдық. Қызу талқыланған тақырыптың түрлі қызық жақтары ашылды. Кейбір қонақтар әйел адамның орны үйде десе, қалғандары іскер болу керек,- деп кесіп айтып жатты. Жалпы, пікір қалыптастыру үшін - көру қажет. 11 қыркүйек күні алғашқы саны эфирге шығады",- деді "Женский мотив" ток-шоуының жүргізушісі, продюсер, Диля МҰХАМБЕТЖАНОВА.  


"Алматы" арнасының жаңа маусымында төл өнімдер басты назарда. Эксклюзивті ақпарат пен танымдық деректер кез-келген қырағы көрерменді елең еткізеріне күмән жоқ.  Біздің "Ойымыз ортақ", "Көзқарасымыз бір" деген қағидатпен көрерменнің қалауы толық ескеріледі.  

Новости партнеров