Алматы автобазарындағы рейдтен кейін 400-ден аса адам полицияға жеткізілді

Алматы автобазарындағы рейдтен кейін 400-ден аса адам полицияға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Жібек Жолы» автобөлшектер базарына жасалған рейдтен кейін 400-ден аса адам полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен, 25 шілдеде «Жібек жолы» базарында 1492 сауда нүктесі, 68 ТҚКО және 82 көліктің криминалды мәліметтері тексерілді. Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 416 адам полицияға жеткізілді.

«Полицияға жеткізілген адамдардың 20-сы Өзбекстан азаматы болып шықты. Олар Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жүрген.Тексеру нәтижесінде іздеудегі 4 қылмыскер ұсталды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан басқа, 136 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. ІІД қамау бөліміне жүзге жуық адам тоғытылды.

Сонымен қатар, кеше жедел шара барысында «Car city» базарында криминалды полиция қызметкерлері Алакөл ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Ол - сатушы. Бұл жігіт ұрланған айнаны сатып алды деген күдік бар. Ер адам бұрын да бірнеше рет ұрланған дүниені сатып келген. Одан 15 ұрланған айна табылды. Енді осы жігіттен сатып алған тұлғалар анықталып жатыр», – деді полициядан.

Айта кетейік, Алматы полициясы қаладағы қылмыстық ахуалды жақсарту үшін жедел профилактикалық шара ұйымдастырды. Акция 29 шілдеге дейін жалғасатын болады. Бұл жұмыстарға 2 000 полиция қызметкері жұмылдырылды.


Новости партнеров