Түркияда отандастарымыз жантүршігерлік жол апатына түсті. Оқыс оқиға кешқұрым Анталияда болған. Туристер мінген жеңіл көлікке қапыда басқа машина келіп соқтығысып, салдарынан 3 отандасымыз ауыр жарақат алыпты. Алайда жергілікті дәрігерлер оларға жедел көмек көрсетуге асықпаған. Өйткені, шетелге өздігімен кеткен қазақстандықтар сақтандырылмаған екен. Мамандар «мұндай жағдайда медиктердің көмек көрсетпеуі заңды», - дейді.
«7 отандасымыз бірде-бір туристік компания көмегіне жүгінбеген. Сақтандыру полисін жасатпаған. Елшілік қызметтен басқа оларға ешбір орган көмек көрсете алмады. Оларды ауруханаға жаткізу үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. Тиісті медициналық көмек көрсетілді. Енді оларды елге қайтару мәселесі жасалуда. Қазір денсаулық сақтау министрлігі де өз ықпалын көрсетуде», - деді «Туристік Қамқор» қорының төрайымы Ирина РЕЙ.
¤¤Апаттан зардап шеккен отандастарымыздың жағдайы қазір қалыпты. Елшілік араласқан соң ғана, ота жасаған дәрігерлер науқастарды күнделікті қадағалап тұрады. Енді, қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.
¤«Қазақстанның Анталиядағы консулы біздің азаматтарымызбен үнемі байланыста және ауруханаларға барып, олардың қал-жағдайын біліп отыр. 7 қазақстандық Анталияға өз беттерінше барған. Өкінішке орай, сақтандыру полистері болмаған. Сондықтан апаттан кейін олардың хирургиялық операцияның керегіне байланысты қиындықтар туындады. Дегенмен, біздің дипломатымыз Түрік тарапымен келісімге келді. Яғни ауыр жараланған 5 қазақстандықтың медициналық шығыстарын такси жүргізушісінің сақтандыру компаниясы өзіне алатын болды. тағы 2 азаматымыз бойынша төлеу мәселесі шешілу үстінде», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар ЖАЙНАҚОВ.