Алматы қалалық мәслихатының депутаттары Елбасының жолдауын талқылады

Алматы қалалық мәслихатының депутаттары Елбасының жолдауын талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығын көтеру мен киім тігетін жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін бизнесті жаңа бастаған жандарды бес жылға дейін салықтан босатқан дұрыс. Елбасының жолдауын талқылап, кәсіпкерлік саласын жетілдіру үшін пікірлерін білдірген  Алматы қалалық мәслихатының депутаттары осылай деді. Олардың айтуынша, Мемлекет басшысының жолдауы жаңа жұмыстарға бастау болмақ. Ширек ғасырда нарықтық экономика қағидаларына әбден бейімделген еліміздің ендігі  межесі - үшінші жаңғырту. Жаңа кәсіп көздерін ашып, оны заманауи деңгейге көтеру қажет. Депутаттар салық мәселесі мен жалған кәсіпкерлікке қарсы қолданылатын заңдарды да жаңаулау керек деп есептейді.

«Елбасы жолдауында әлемдегі технологиялық үдерістерге байланысты экономикалық өсімнің жаңа моделіне көшуді қазірден басап қолға алу керектігін атап өтті. Сол себепті биылғы жолдау Үшінші жаңғыру кезеңіне айналады. Қазақстанды жаһандық бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Жолдау алдында қабылданған бағдарламалар, реформалардың жолдаумен үндестігі басым», - деді Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Асылхан ТӨЛЕПОВ.  

Жолдауда технологиялық, сандық, индустриялық өркендеудің өзекті тұстары қамтылған. Бұл жай ғана модернизация емес. Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсартуға қатысты тұстар толық қамтылған. Жолдаудағы тақырыптарды талқылаған мәслихат депутаттары көтерілген мәселелерді алдағы уақытта Парламентке жібермек.


Новости партнеров