Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Оқушының таңғы асы баяу қорытылатын көмірсулар мен ақуызға бай болуы керек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баланың тамақтануы оның сабаққа зейін қоюына, оқуына және эмоциялық жүктемені көтеруіне тікелей әсер етеді. Әсіресе мектеп оқушысы үшін таңғы ас маңызды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Диетологтардың айтуынша, оқушының таңғы асы баяу қорытылатын көмірсулар мен ақуызға бай болуы керек. Аш бала сабаққа толық көңіл бөле алмайды, өйткені ағзада глюкоза жетіспейді.

Мамандар мектеп оқушысына таңғы асқа сүтке дайындалған сұлы ботқасын, жаңғақ пастасы мен жеміс қосылған тағамды ұсынады. Сондай-ақ көкөніспен дайындалған омлет пен дәнді дақылдардан жасалған нан да пайдалы.

Егер бала таңертең тамақ ішкісі келмесе, оған қантсыз айран немесе йогурт пен бір уыс жаңғақ беруге болады.

Мектепке алып баратын тіскебасар да маңызды. Оның құрамында жеміс-жидек, көкөніс, жұмыртқа, ірімшік, жаңғақ, қытырлақ нан, тұтас дәнді дақылдардан жасалған крекер немесе қантсыз сұлы печеньесі болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, мұндай өнімдер қандағы қант деңгейінің күрт өзгеруіне жол бермей, ағзаны біртіндеп энергиямен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар сыныптағы бор шаңы да бала денсаулығына әсер етуі мүмкін. Ол тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, бұрыннан бар белгілерді күшейтуі ықтимал.

Бор тақтаға жазған кезде де, оны өшіргенде де ауаға тарайды. Құрғақ шүберекпен өшірген кезде ұсақ бөлшектер көбірек таралуы мүмкін.

Бор шаңының көп мөлшері тамақтың құрғауына, жөтелуге, түшкіруге, мұрын мен көздің тітіркенуіне себеп болуы мүмкін. Әсіресе бронх демікпесі немесе аллергиялық риниті бар балалар оған сезімтал келеді.

Дереккөз: m24.ru

Оқи отырыңыз: Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы