Алматы қалалық сотына жаңа төраға тағайындалды

Алматы қалалық сотына жаңа төраға тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық сотына жаңа төраға тағайындалды. Жаңа басшыны Жоғары соттың төрағасы Қайрат Мами арнайы келіп әріптестеріне таныстырды. Сонымен енді шаһардың судьяларын және сот істерін Нұрғазы Әбдіқанов басқаратын болды. Ол бұған дейін Ақмола облыстық сотының төрағасы болып жұмыс атқарған. Осыдан тура бір ай бұрын Алматы қалалық сотын ұзақ жыл басқарған  Ақжан Жайлауханұлы Ештай 56 жасында кенеттен қайтыс болған еді. Жаңа басшы Қазақстан Республикасының Президентінің  жарлығымен тағайындалды. 

«Осында қалалық сотта судья болып жұмыс жасады. Сота саласында 20 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Жоғарғы соттың судьясы. Солтүстік Қазақстан Ақмола облыстық соттардың төрағасы қызметтерін атқарды. Нұрғазы Әбенұлы кәсібибілікті басшы ретінде танымал мол тәжірибесімен сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып келеді. Нұрғазы Әбенұлы өздеріңізбен яғни барлық судьялармен, құқық қорғау органдарының басшыларымен Алматы қаласындағы қала басшылығымен бірлесіп Алматы қаласындағы сот әділдігін қамтамасыз ете алады деп толық сенемін»,- деді Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы, Қайрат МӘМИ.

Сондай-ақ Наурызбай ауданы сотына Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Серікбай Төлепбергенов тағайындалды, Алмалы аудандық сотын басқаруға Серік Төлегенов келді. Одан өзге, ювеналдық соттың да басшысы ауысты. Биылғы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарды тыңдаған Жоғарғы соттың төрағасы Алматыда әділетсіз үкім шығарған кейбір судьялардың әлі күнге жұмыс істеп отырғанына қатаң ескертпе жасады. Жиынға қатысқан қала әкімі Бауыржан Байбек, мемлекеттің қажеттілігіне сәйкес алынатын жер телімдерін шешуде сот ісінің тым ұзаққа созылатынын ескертті. Осының кесірінен мемлекеттің қыруар қаржысына салынуы тиіс жолдардың уақыты кешуілдеп жатады.

«Ең негізгі мәселе кейбір істер 3-5 айға дейін қаралады. Ал енді мысалға жолға байланысты көптеген қаржы мемлекет тарапынан Республикалық бюджеттен бөлінген, мысалы тек қана мерзім мәселесі 1 айдың ішінде заң бойынша қарастырылса жақсы болушы еді. 5 айға дейін созу біз сол арқылы миллиардтаған ақшаны иегере ала алмай жатырмыз. Сосын жылу мәселесі өте маңызды ғой сондықтан осы кішкене қадағалап, жаңа басшы соны қараса»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.



 

Новости партнеров