Соңына дейін адал болу керек. Сенат төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев жоғарғы палата отырысында Бақыт Сұлтановқа осындай тілек айтты. Оның шамына тиген мәселе Қытай мен Қазақстанның сауда саласындағы көрсеткіштердің әртүрлілігі еді. Айта кетейік, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге жасаған ресми іс сапары барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізген еді. Сол кезде Елбасы екі елдің сыртқы сауда айналымы жөніндегі статистикалық мәліметтердің екі түрлі екендігін айтып, таңғалған еді. Осы орайда, Сенат төрағасы мемлекеттік орындарға бірінші кезекте адал болуды ұсынды.
«Бұл өте күрделі мәселе. Мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі келіссөздері барысында саудаға байланысты екі түрлі мәліметтің айтылуын, халықаралық оқиға деп бағалар едім. Және сіз бірінші орынға әдістемелік мәселелер айырмашылығын қойып отырсыз. Қалай десекте контрабанда мен көлеңкелі экономиканы ескермеуге болмайды. Бұл жерде есепке қатты болу керек»,- деді Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасы, Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мұндай мәселенің бірнеше жылдың көлемінде қайталанып келе жатқанын алға тартты. Сандардың алуандығы әдістемелік есепке және контрабандалық тасымал мәселесіне байланысты екен. Жоғарғы палата төрағасының назарына ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовте ілікті. Саны көп, сапасы жоқ бағдарламалардың тиімсіздігін алға тартқан Қасым-Жомарт Тоқаев ведомоство басшысынан нақты әрекеттер қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, министр ауысқан сайын, жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылданатынын және 2020 жылға қарай тағы да өзгерістер болады деген қорқынышын да жасырмады. Жаңа бағдарламаны мақтап-мадақтап, 60 мың тонна ет өнімін экспорттау жоспары секілді қараусыз қалатынын жеткізді. Ал министр Асқар Мырзахметов 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған жаңа бағдарламаның қабылданғанын, онда даму индикаторларына ерекше назар аударылғанын алға тартты. 65 субсидияның 11-і қысқартылып, 25 миллиард теңге үнемдеуге сеп болады екен.