Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әкімшіліктегі ауыс-түйіс. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің орынбасары бұдан былай Мұрат Дәрібаев болып тағайындалды. Ал бұған дейін  лауазымда отырған Румиль Тауфиковтың атқарған еңбегіне шаһар басшысы жоғары баға беріп, алғысын айтты. Нақтырақ айтсақ, ол қаладағы көлік құрылымын реформалауды белсенді жүргізген. Оған қоса,  жалақы жөніндегі қарызды 1 миллиард теңгеге азайтып, еңбек және миграция мәселелерімен айналысқан.  Бұдан бөлек,  әлеуметтік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырып, денсаулық сақтау саласындағы сақтандыру жүйесін де енгізуге зор ықпал етіпті. Ал жаңа басшы Мұрат Дәрібаев бұған дейін «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Негізгі мамандығы инженер құрылысшы, экономист.


Новости партнеров