Алматы 2016 жылдың қорытындысы бойынша, барлық салада көш бастап тұр. Әсіресе көтерме сауда, инвестиция және байланыс салаларында көрсеткіш жоғары. Яғни қаланың жалпы өңірлік өнімі - 3 пайызды құрап отыр. Немесе 10,3 триллион теңгеге жеткен. Тарқатып айтсақ, өңірлік өнімнің 30 пайызы мен салықтың 55 пайызы шағын және орта бизнестен түскен. Сондай-ақ қаладағы экономиканың 87 пайызы сауда және қызмет көрсету салаларына тиесілі. Ал инфляция деңгейі соңғы параметрден, яғни 8 пайыздан аспапты. Бұл дегеніміз мегаполистің ел экономикасына 1 пайызға елеулі үлес қосқандығын білдіреді.