Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрғандардан баспана алу үшін өтінім қағаз қабылдау басталды. Оны 15 мамырға дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында e-gov.kz электронды порталы арқылы жүзеге асыруға болады. Пәтерлер Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы үлестіріледі. Жалпы саны - 996. Пәтерлер Атлетикалық ауылда орналасқан. Бір шаршы метрдің құны - 1036 теңге, жалға алу мерзімі 20 жыл. Баспаналы болуға тек көпбалалы, толық емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, отбасылар, әскери және мемлекеттік қызметкерлер іспетті халықтың 15 категориясы ғана үмітті.