Алматы қаласының мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесу өткізуде

Алматы қаласының мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесу өткізуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесу өткізіп жатыр. Бүгін бас партия атынан сайлауға түсетін жанна төлегенова қаланың пәтер иелері кооперативі басшыларымен жолықты. Басқосуда шаһарды көгалдандыру, көшелерді тазалау, жүргіншілер өткелін жарықтандыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау орталығына келіп түскен ұсыныстар да осы кездесуде талқыға салынды. ¤

«Біз, тұрғындар тарапынан көп қойылатын сұрақтарды ПИК өкілдерімен шешкенді жөн көрдік. Қарапайым халықтың ұсынысы бізге өте маңызды. ПИК өкілдерімен қалаға ағаштар отырғызу, аулаларды көгалдандыру, оларға жақсы күтім жасау секілді мәселелерді  қарастырдық. Менің ойымша бұл тұрғындар үшін өзекті мәселе», - деді Мәслихат депутатына үміткер Жанна ТӨЛЕГЕНОВА.

¤¤Еске салайық, Алматының 3 округының тұрғындары жаңа мәслихат депутаттарын таңдайды. Қазір 9 үміткер тіркелген, оның алтауы өзін-өзі ұсынғандар, қалғаны "Нұр отан" партиясынан. 


Новости партнеров