Алматы қаласының прокуроры жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатылды

01.02.2018 21:30

Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Жақында ғана былтырғы жылды қорытындылаған бас прокуратура бірнеше заң бұзушылықтар анықтапты. Ғабит Миразовтан бөлек Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорларының орынбасарлары жұмыссыз қалды. Еске салайық, Ғабит Миразов былтыр ақпан айында тағайындалған болатын. Осыған дейін ол 5 жыл бойы Алматы облысының прокуроры болып қызмет атқарған.