|
09.12.2016 | 11:30
1963

Алматы қаржы полициясының экс-басшысы қамауға алынды

Алматы қаржы полициясының экс-басшысы қамауға алынды


Алматы қаржы полициясының экс-басшысы Әмірхан Аманбаев қамауға алынды. Аппеляциялық сот күдіктіге тағайындалған жаза түрін өзгертпей, оны үй қамауынан уақытша темір торға тоғыту туралы шешім шығарған. Бұл туралы қалалық соттың ақпаратпен қамту бөлімінің жетекшісі Диас Махамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, сот шешімі күшіне енген және қайта қаралмайды. Әмірхан Аманбаевқа қатысты қылмыстық іс былтыр наурыз айында қозғалған. Тергеу амалдары аяқталып, қазір осы іс бойынша сот процесі жүріп жатыр.


«Күдікті Аманбаевтың қорғаушылары соттың бұл шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Алайда, жоғарғы инстанция үкімді сол күйінде қалдыруды құп көрді. Өйткені Әмірхан Аманбаев үй қамауына алынған күннен бастап, қылмыстық іске қатысы жоқ адамдармен телефон арқылы байланысып, олардан сот процесі туралы ақпарат алып отырған. Ал, бұл заң талаптарына қайшы келеді. Аманбаевтың әлгі әрекеттерін стенограмма арқылы дәлелдеуге болады», - деді Алматы қалалық соты ақпаратпен қамту бөлімінің жетекшісі Диас МАХАМБЕТОВ.


Қаржы полициясының экс-басшысы Әмірхан Аманбаев қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айыпталып отыр. Ол қылмыстық топ құрды, жалған кәсіпкерлікпен айналысты және үлкен көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Жауапқа тартылған 36 адамның 14-і қазір тергеу изоляторына тоғытылған, 12 күдіктіге кепіл түріндегі шара қолданылыпты. Тағы 9 адам үй қамауында болса, бір күдікті ешқайда шықпау туралы қолхатпен әзірге бостандықта жүр. Әмірхан Аманбаев 78 заңсыз кәсіпорын құрып, небәрі 2 жылда 77 млрд теңгеге жуық пайда тапқан. Алайда салық төлемегені кесірінен, ол мемлекетке 24 млрд теңге шығын келтіріпті.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир