Алматы көшелерін жөндеу жұмыстары қазан айында толық аяқталады

28.09.2017 23:09

Алматы көшелерін жөндеу жұмыстары қазан айының ортасында толық аяқталады.  Бұл туралы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ермек Усенбаев мәлімдеді. Сөзінше, шаһар әкімі Бауыржан Байбек мердігерлерге жолдарға сапалы асфальт төсеп, көгалдандыруды тапсырған. Төле би көшесінің жөндеу жұмыстары Сайран су қоймасы мен Масанчи, Қазыбек би көшелерінің бөліктерінде көгалдандырумен  бірге жұмыстар 10 қазанда аяқтау жоспарланған. Бәйшев  және Тобаяков көшелері бөліктерінде жөндеу жұмыстары  толықтай 12 қазанда тәмамдалады.