Алматы мен ЮНИСЕФ қорының байланыты беки түспек

23.06.2017 15:57

Алматы ЮНИСЕФ қорымен байланысты беки түспек. Қала әкімі Бауыржан Байбек халықаралық мекеменің Қазақстандағы өкілдігінің басшысымен кездесіп, өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын талқылады. Оның ішінде, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды, мүгедек бүлдіршіндерге қолдау көрсету, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсартуды күшейту мәселелерін сөз етті. Алып шаһарда балалардың біліміне, жасөспірімдердің әлеуметтік қорғалуы мен интеграцияға айрықша көңіл бөлінеді. Биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Арнайы жол картасы әзірленді, құжатта бес негізгі бағыт басымдыққа ие.