Алматыда «Ұлы дала рухы» этнофестивалі ұйымдастырылмақ

23.06.2017 16:04

Алматыда «Ұлы дала рухы» этнофестивалі ұйымдастырылмақ. Халықаралық шара осымен 2-ші мәрте өткізілгелі отыр. Оған әлемнің 10-ға жуық елінен меймандар келеді деп күтілуде. Майталмандар қазақы салтты дүйім көпшілікке паш етуді мақсат еткен. Келушілерге жамбы ату, аударыспақ, асауға тұсау салу, қыз қуу, қазақша күрес сынды ұлттық ойын түрлері көрсетіледі. Думанды дүрмек - мерекелік концертке ұласады. Шамамен 10 мыңға жуық адам осы ғаламат шараны тамашалайды деген жоспар бар. Қазір аталмыш шараға дайындық қызу жүріп жатыр. Боролдай сақ қорғандарына ақшаңқан үйлер тігіліп, сахна безендірілуде. Ал,  фестивальді тамашалау тегін.

«Іс-шараның негізгі мақсаты - өзіміздің қазақи салтымызды, әдет-ғұрпымызды насихаттау, таныстыру. Сол бағытымызды қайта жаңғырту. Екі жерден осы жерге автобус қатынайды. Бірі - орталық стадионнан, екіншісі - Республика алаңынан жүреді», - деді «Ұлы дала рухы-2017» халықаралық этно-фестивалінің ұйымдастырушысы Данияр ӘЛИЕВ.