Алматы облысында адам ұрлаған күдіктірлер ұсталды

20.10.2017 в 21:50

Алматы облысында 5 адам бір тұрғынды ұрлап кеткен. Күдіктілер ер адамның туыстарынан 500 мың теңге талап етіпті. Ұрланған азаматтың інісі облыстық ішкі істер бөліміне хабарласып, ағасын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтқан. Тәртіп сақшылары күдіктілерді жәбірленушінің туысы оларға ақша беріп жатқан жерінде қолға түсірген. Ұсталғандар Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер кінәлары дәлелденсе, 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады.