Алматы облысында әйелін аяусыздықпен өлтірген күйеуіне қатысты сот процесі басталды

02.08.2017 18:52

Алматы облысында фармацевтіні аяусыздықпен өлтіргендерге қатысты сот процесі басталды. Басты айыпты - марқұмның күйеуі Азамат Құлымбетов. Ол биыл ақпанда өз әйелі Жанар Насырованы жұмыс орнында жиырма жерінен пышақтап, қашып кеткен еді. Арада бір күн өткенде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Қанды оқиға "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде болды. Қандықолдың қылмысы дәріхана ішіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейін, ерлі-зайыптының 2 баласы бары анықталған.