Алматы облысында сарбаздардың дайындығы тексерілді

23.05.2017 15:32

Алматы облысында сақа сарбаздардың дайындығы тексерілді. Еліміздің қарулы күш бас штабының басшысы гвардиалық горнизонға барып, әскерилердің жаңа маусымға қалай дайындалып жатқанын бақылап келді. Генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жауынгерлердің оқу-жаттығу базасын аралап, жауаптыларға тиісті тапсырма берді. Алдағы жазда еліміздің барлық сарбаздарының саптық машығы мен соғысты басқара білу қабілеттері жіті тексерілмек.