Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қарақшылықпен айналысып келген күдіктілер тұтқындалды. Олар кәсіпкерлерге қару кезеп, ақшаларын күштеп тартып алып отырған. Облыс полицейлері Қарасай ауданында қолға түскен 30 жастағы күдіктінің 3 млн теңгені алаяқтық жолмен қолды қылғанын анықтады. Одан бөлек, Бәйдібек ауылында 27 жастағы жігіттен тапанша тәркіленген. Тәртіп сақшылары қос күдіктіні де қамауға алып, оларға тергеу тағайындады. Ал тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Тұтқындалған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Қолға түскен екі адамның да басқа қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтап жатырмыз. Жалпы биылғы жылы облыс полицейлері 89 заңсыз қару-жарақ тәркілеген. Оның алтауы травматикалық, 5-еуі газбен оқталған тапаншалар», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан НҰРАХМЕТ.