Алматының Арбат демалыс орнында орналасқан алып асхана сүрілді

Алматының Арбат демалыс орнында орналасқан алып асхана сүрілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Арбат демалыс орнында орналасқан алып асхана сүрілді. Ұзақ жыл жұмыс істеп тұрған тамақтану орнын сот орындаушылары  ауыр техника әкеп, талқандап тастады. Өйткені, шыны әйнектері шағылып, қабырғасы құлатылған ғимараттың басшылары заңсыз жұмыс істеп келген. Жерді жалға алу мерзімі өтіп кетсе де, жұмыс жалғастырған кәсіпкерге сот мүлкін қиратып қана қоймай, қомақты айыппұл да салуға үкім шығарды.

Отбасының нәпақасын осы жерден тауып жүрген Айжан аяқ астынан келген сот орындаушыларының әрекетіне сене алар емес. Далаға шығыңдар деп бұйырған заң орындаушылардың талабын естісе де, заттарын жинап үлгере алмай жатыр. Ақша тауып отырған жерінен  айырылған аспазшы үйдегі шиттей бүлдіршіндерін асырау үшін  енді ертеңнен бастап тағы жұмыс іздеп, табанынан таусыла қаланы кезбек. Тамақтану орнының өзге де азпаздары енді несие төлей алмай қиналамыз дейді.    

«Басқа жұмыс іздейміз. Енді қайтеміз. Негізі бала-шағамызды асырап отыр едік», - деді Гүлжан ҚАҚАНАСОВА.

«Бұл біз күтпеген жағдай болды. Әріптестерімізбен жұмыссыз қалдық. Енді не істейтінімізді білмейміз. Бізге ешкім ескертпеді де. Әрқайсысыздың төлеп оытрған несиелеріміз бар. Бала-шаға, отбасын қалай асыраймыз?», - деді Әсел БӘКІРОВА.

Қолдарына соттың шешімін құшақтай жеткен бір топ жігіттердің айтуынша, асхана иелерінің жерді жалға алу мерзімі әлдеқашан аяқталған. Асхана орналасқан жер учаскесін «Қонаев атындағы халықаралық қоры» 2016 жылдың 27 наурызына дейін жалға алған екен. «Жерге мемлекеттік акті жоқ, бекітілген жоба бойынша сараптама, құрылыс-монтаждау жұмыстарын ескертетін талон жоқ, құрылыс авторлық, техникалық бақылаусыз салынған», - деді  сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері.

«Жер телімін жалға беру мерзімі өтіп кеткен болатын 2016 жылдың 24 наурызында. Сол себепті, басқармамен әкімшілікпен бірге ҚР әкімшілік  құқық бұзушылық кодексінің 319-бабымен мамандандырылған ауданаралық сотына әкімшілік іс жіберілді. 2017 жылдың 20 ақпанында сот құрылысты бұзу туралы үкім шығарды. Қазір үкімді орындау жұмысы жүргізіліп жатыр», - деді   Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының  бөлім басшысы Олжас ТӨЛЕБАЕВ.

Атқамінерлердің айтуынша, асхананы  жалға алған жердің мерзімі аяқталғаны тексеріс  кезінде  белгілі болған. Қожайынға ескертпе де жіберілген. Бірақ нәтиже болмаған соң үкім күшпен орындалып жатыр. Ал осы аумақтық тұрғындарды тамақтану орнының тағамдары арзан, әрі дәмді болған.  Қаланың осы аумағындағы мейрамханалармен салыстырғанда ас ішіудің құны әлдеқайда төмен еді дейді.

Буы бұрқыраған тамақтарымен қос ыдыс-аяғын әрең жинап үлгерген жұмысшылар сынған әйнектен жарақаттанбай сыртқа шығып үлгерді. Заттарын түгел алып кетуін күткен экскватор  түннен қалдырмай асхананы жермен жексен етпек. Ұзақ жыл елдің сүйікті орнына айналған асхананынң орнына алдағы уақытта не тұрғызатыны әзірге  белгісіз.  

Әмірболат Құсайынұлы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров