Алматыда 28 панфиловшылар саябағында рұқсатсыз сауда жасаушыларға қарсы арнайы операция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ойын-сауық нысаны басшыларының наразылығына қарамастан, Панфилов саябағында тәтті мақта сатушылары сондай-ақ, батут және балалар карусельдерінің иелері заңсыз орналасқан.
«Медеу ауданы ІІБ-нің жергілікті полиция қызметі Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімімен бірге тексеру жасап, заңсыз сауда нүктелерін анықтады. Шара барасында батуттар мен балаларға арналған карусельдер, сондай-ақ, жүгері жасайтын және дәмді мақта жасайтын апараттар тәркіленді. Олар аудан әкімдігінің уақытша сақтау қоймасына тапсырылды», - делінген хабарламада.