Алматы түбінде құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді

18.08.2017 в 17:09

Алматы түбінде құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді. Қызыл жалын 200 шаршы метр аумақты күлге айналдырыпты. Куәгерлер Іле ауданындағы кәсіпорынның отқа оранып жатқанын төтеншеліктерге таңғы 6-лар шамасында хабарлаған екен. Оқиға орнына 12 құтқарушы мен 4 арнайы техника жіберілді. Мамандар тілсіз жауды бір сағатта ауыздықтады. Өрттен жарақат алып, қаза тапқандар жоқ. Әзірге, қызыл жалынның неден тұтанғаны белгісіз.