«Ou» және «White Way» тобының «Алматы» әні жарыққа шықты. Аталмыш топ 2017 жыл құрылған. «White Way» үштігі ағылшын, орыс, қазақ тілінде ән шырқайды. Олардың ерекшелігі жастарында. Себебі, қазақ шоу-бизнесінде 15-16 жастағы қыздар тобы жоқ. «White Way» тобының қазақша мағынасы «ақ жол» дегенді білдіреді. Ал «Ou» тобы ұлттық музыканы заманауи бағытта насихаттауға құрылған. «Ou» дегеніміз сұлулық символын білдіреді. Қыздардан құралған қос топтың продюсері Назгүл Қарабалинаның айтуынша, алғаш болып гелзбенд дуэтінің тұсауы кесілген. Одан кейін «White Way» тобының көпшілікке таныстырлған көрінеді.
Ақпаратты орыс тілінде сілтемеге өту арқылы ала аласыз
Әнді орындаған: : "Ou" және "White Way" тобы - "Алматым"
Алғаш көрген кезіңнен, жүрегінде қалатын,
Ғашықпын мен өзіңе, әсем қалам- Алматым!
Көшелері, жарқыраған шамдары,
Сән береді, қиялымда жүргендей,
Сезінемін, жылдам бір ертегіге кезігемін мен, кезігемін мен
Тамсандырған бәріңді, бұл менің қалам – Алматы, Алматы
Мәртебесі биіктен көрінген қала – Алматы, Алматы
Алматы тарихы бар, сан қилы,
Алмалы бағына әр адам балқиды.
Табиғаты көз жаулайды,
Арманды арманға жалғайтын қалам.
Бейнесі әсем де әуенді қалам.
Бір өзіңсін махаббатым.
Алатау баурайы өзіне тартады,
Әлемге әйгілі жерімен алқабы.
Мың түрлі ғимарат келтірер бар сәнін,
Жете бер әрдайым белестен белеске
Сендегі әрбір күн бақытты емес пе?!
Ғажайып көркінді түсірем мен еске.
Өзгелерден ерекше, көркейетін, жанатын,
Жалғыз ғана меніңше, Әсем қалам – Алматым!
Сезіледі, құшағына орайды,
Мезгілдері, таулары әрбір жерінен көрінеді
Алманын дәмі еске түсіреді бала кезімді.
Тамсамдырған бәріңді, бұл менің қалам – Алматы, Алматы
Мәртебесі биіктен көрінген қала –Алматы, Алматы!
Тамсамдырған бәріңді, бұл менің қалам – Алматы, Алматы
Мәртебесі биіктен көрінген қала – Алматы, Алматы!
Көшелері, жарқыраған шамдары,
Сән береді қиялымда жүргендей.
Сезінемін жылдам бір ертегіге,
Кезігемін мен, кезігемін мен.
Тамсандырған бәріңді, бұл менің қалам – Алматы, Алматы!
Мәртебесі биіктен көрінген қала –Алматы, Алматы
Тамсамдырған бәріңді, бұл менің қалам – Алматы, Алматы!
Мәртебесі биіктен көрінген қала – Алматы, Алматы